07 наурыз 2024 | 16:17

Қылмыстық топ ісі тергеліп жатыр: ет өңдеуге қатысты схема әшкереленді

видео кадры

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті Beef export group ЖШС ет өңдеу кәсіпорны директорының басшылығымен ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық іс бойынша соталды тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті Beef export group ЖШС ет өңдеу кәсіпорны директорының басшылығымен ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық іс бойынша соталды тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

"Аталған адамдар тобы ұзақ уақыт бойы "ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту" ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде мемлекет субсидия ретінде бөлген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысып, мемлекетке 3 миллиард теңгеден астам шығын келтірген. Соталды тергеу барысында күдіктілермен 107 миллион теңге өтеліп, 3,1 миллиард теңге мүлкіне тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық схемаға 49 адам тартылған, олардың 13 - ұйымдасқан топтың мүшелері, оларға субсидияларды жымқыру, салық төлеуден жалтару, заңсыз кәсіпкерлік қызмет, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру, лауазымды тұлғаларға пара беру және құжаттарды қолдан жасау күдігімен айып тағылып отырғаны айтылды.

Реклама
Реклама

"Ұйымдасқан топтың басшысы өзінің бақылауындағы компанияның қызметіне салықтық тексеру жүргізген мемлекеттік қызметшіге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін қолданды деп күдіктеледі".

Сондай-ақ, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының 30 шаруа қожалықтарының басшылары мен өкілдері іс бойынша күдікті деп танылды.

"Бұдан басқа, соталды тергеп-тексеру шеңберінде "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ-нің 3 лауазымды тұлғасына ақша қаражатын ұрлауға және пара алуға жәрдемдесті деген күдік тағылып отыр".

7 ветеринарлық дәрігерге құжаттарды қолдан жасағаны, ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізгені, сондай-ақ заңсыз сыйақылар алғаны үшін айып тағылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная