ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қазан 2018 | 17:55
Қырғызстан Қазақстанмен жылына бір миллиард долларға сауда жасамақшы
Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Шыңғыс Айдарбеков екі жыл ішінде Қазақстанмен тауар айналымын 1 милиард долларға дейін ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Біз екі жақтың экономикалық ынтымақтастығын, сауда-саттық және инвестиция мәселелерін егжей-тегжейлі талқыладық және мемлекет басшыларының берген тапсырмасы бойынша екі жыл ішінде сауда айналымын 1 миллиард долларға жеткізу маңыздылығын атап өттік. Бұл жоғары деңгей", - деді ол Астанада Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысымен кездесуден кейін.
Сонымен қатар ол бұл деңгейге жетуге болатынын айтты.
ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, екі ел арасындағы өзара сауда 7 айда 18 пайызға артып, 500 миллион долларға жеткен.
Показать комментарии
Читайте также