ПОДЕЛИТЬСЯ
08 ақпан 2021 | 17:44
Қырғызстан Қазақстанмен шекарада екі өткізу пунктін ашты
Қырғызстан-Қазақстан шекарасындағы "Кен-Булун-автожол" және "Токмок-автожол" бақылау-өткізу пункттері жұмысын қайта бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2021 жылдың 8 ақпанындағы жағдай бойынша, мемлекеттік шекараның Қырғызстан-Қазақстан учаскесінде Шу облысындағы "Ақ тілек-автожол", "Чалдыбар-автожол", "Кен-Булун-автожол", "Токмок-автожол" және Талас облысындағы "Чон-Капка-автожол" өткізу пункттерінде азаматтар мен көлік құралдары өткізіледі. "Ақ тілек-автожол", "Чалдыбар-автожол" және "Чон-Капка-автожолда" жүк автокөлік құралдары өткізіледі. Ал "Кен-Булун-автожол" азаматтар мен көлік құралдары үшін, сондай-ақ Қырғызстаннан Қазақстанға бос жүк автоқұралдарын өткізу үшін ғана ашық", - деді ведомство өкілдері.
Сондай-ақ, жүк темір жол құрамаларын өткізу "Қайыңды-теміржол" өткізу пункті арқылы жүзеге асатыны белгілі.
Еске салайық, Қырғызстан-Қазақстан шекарасынан өту үшін адамдарға 72 сағатқа жарамды COVID-19 ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтама қажет.
Зулайка Эркимбаева, Бішкек
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также