Қырғызстан президенті Назарбаевқа алғыс айтты

Қырғызстан президенті Назарбаевқа алғыс айтты

Н?рс?лтан Назарбаев ?ыр?ыз Республикасыны? Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон ар?ылы с?йлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.
 
Мемлекеттер басшылары ??гіме барысында екіжа?ты ынтыма?тасты?ты? ж?не ??ірлік к?н т?ртібіні? мейлінше ?зекті м?селелерін тал?ылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады.

Президенттер биылғы 2 желтоқсанда Астанада екі ел үкіметтері қол қойған Жол картасын дәйекті түрде іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Бұл тұрғыда Қырғызстан Президенті күшейтілген шекаралық бақылаудың алынып, Қазақстан-Қырғызстан шекарасын күзету күнделікті режімге көшірілгені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде Қырғызстан Президентінің Қазақстанға сапармен келу мәселесін қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан жағы бастамашы болды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news21
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама