Қырғызстан ірі алаяқтық жасады деген күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады

видео кадры

Қазақстан азаматы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қырғыз Республикасынан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан азаматы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қырғыз Республикасынан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол 2023 жылғы маусымда адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы Алматы қаласындағы банктердің біріне клиенттердің атынан олардың банк шоттарына тіркелген абоненттік нөмірлерін өзгерту туралы хабарламалар жіберіп, банк шоттарына қол жеткізген.

Осыдан кейін күдікті қашықтан қол жеткізу арқылы 5 жәбірленушінің шотынан "дропперлердің" банк шоттарына ақша аударып, олардың қаражатын иемденген. Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге 230 миллион теңгеден аса шығын келтірілген.

Реклама
Реклама

"Биыл қаңтарда ол Бішкек әуежайында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама