Қырғызстан үкіметінің басшысы Нұр-Сұлтанға келді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров Нұр-Сұлтанға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров Нұр-Сұлтанға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жапаров бастаған Қырғызстан делегациясы санитарлық нормаларға сәйкес коронавирусқа қарсы ПТР-сынама тапсырған.

Реклама
Реклама

Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы 24 және 25 ақпанда Нұр-Сұлтанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына қатысады.

Сондай-ақ, шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей үкіметтерінің басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысады.

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәліметінше, Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы шағын және кеңейтілген құрамда өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама