12 қаңтар 2021 17:33

Қырғызстандағы тау шаңғысы курорттарының бірінде 12 жастағы қазақстандық қайтыс болды

Көрнекі сурет © 24.kg

Қырғызстандағы Қаракөл қаласындағы тау шаңғысы курортының бірінде 12 жастағы қазақстандық қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ыстық Көл облысының Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайғылы оқиға бүгін болған. 

Реклама
Реклама

"Бүгін, 12 қаңтарда, сағат 15:00 шамасында полицияға тау шаңғысы базасынан 12 жастағы бала трассалардың бірінен түсіп бара жатқанда шыршаға соғылғаны туралы хабарлама түсті. Бала алған жарақаттар салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты, милиционерлер барлық материалды жинап жатыр", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін облыстық ауруханаға жеткізілгенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram