17 қазан 2020 14:40

Қырғызстандықтар Қазақстанға заңсыз өтпек болған

Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың 15 қазанында Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ("Қарасу" өткізу пункті) ҚР мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту әрекетін болдырмады.
Шекара наряды Mercedes-Benz автокөлігін тексеру барысында оның салонынан төлқұжаттық бақылаудан жасырынған және шекараны тіркеусіз кесіп өтуге тырысқан Қырғыз Республикасының 6 азаматын тапты.

Реклама
Реклама

Көлік жүргізушісі мен Қырғызстанның 6 азаматы ұсталып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуге әрекет жасағандары үшін қылмыстық іс қозғалды.

"Бұл жыл басынан бері қолданыстағы карантиндік шектеулер жағдайында Шекара қызметінің әскери қызметшілері тоқтатқан алғашқы заңсыз шекараны кесіп өту әрекеті емес екенін атап өткен жөн.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, шекарашылар мемлекеттік шекараны бұзушыларды анықтау мақсатында мемлекеттік шекарадағы бақылау іс-шараларын күшейтті", - делінген хабарламада.

 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram