ПОДЕЛИТЬСЯ
03 мамыр 2022 | 17:33
Қырғызстанмен шекарада миллионнан аса жалған акциздік марка тәркіленді
Қырғызстаннан келе жатқан жүк көлігінде Беларусьтің 1,1 миллионнан аса жалған акциздік маркалары анықталды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қырғызстаннан келе жатқан жүк көлігінде Беларусьтің 1,1 миллионнан аса жалған акциздік маркалары анықталды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрлік Қырғыз тарапының тасымалданатын тауарларға электронды түрде шот-фактуралардың болуын қамтамасыз ету туралы келісімдердің экспорттық тауарларды көлеңкеден шығаруға бағытталғанын атап өтті.
"Қырғызстанның сыртқы экономикалық қызметінің жосықсыз қатысушылары келісімдерді пайдалана отырып, Қазақстанға рұқсатсыз тауарларды әкелу үшін өздерінің схемаларын қолданған. Мысалы 28 сәуірде Қырғызстаннан келе жатқан жүк көлігінде Беларусьтің 1,1 миллион данадан аса жалған акциздік маркалары анықталды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ көліктен 2 мыңнан аса декларацияланбаған тауардың: бейнебақылау жүйелері, киім-кешек пен спорттық құрал-жабдықтар табылғаны нақтыланды.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың болуына байланысты бұл іс бойынша материалдар Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также