Қыркүйек қысқа жұмыс аптасымен басталады

Дина Шарипханова Корреспондент
Қыркүйек қысқа жұмыс аптасымен басталады Фото ©️ Турар Казангапов

Тамыздың аяғында Қазақстанда Конституция күні атап өтіледі. Осылайша қыркүйек қысқа жұмыс аптасымен басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тамыздың аяғында Қазақстанда Конституция күні атап өтіледі. Осылайша қыркүйек қысқа жұмыс аптасымен басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Конституция күні - Қазақстанның басты мемлекеттік мерекелерінің бірі. Еліміздің ең басты әрі маңызды құжаты 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Сондықтан мереке жыл сайын 30 тамызда атап өтіледі.

Бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін

Жарнама
Жарнама

2025 жылы 30 тамыз сенбіге түсіп тұр, сондықтан "Мерекелер туралы" заңда көзделген қағидаға сәйкес демалыс күні дүйсенбіге, яғни 1 қыркүйекке ауыстырылады.

Демалыс күндерінің кестесі мынадай:

  • 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек - демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін

Демалыс кестесі:

  • 30 және 31 тамыз - демалыс күндері, 1 қыркүйек - жұмыс күні.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама