28 маусым 2019 | 13:11

Қырымбек Көшербаев Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Камила Долаева Журналист
Сурет: Тұрар Қазанғапов

Қырымбек Көшербаев Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырымбек Көшербаев Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын", - делінген ҚР Президенті жарлығында.

Реклама
Реклама

Бұған дейін, Президент Әкімшілігін Бақытжан Сағынтаев басқарған еді. Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды. Қырымбек Көшербаев 1955 жылдың 20 мамырында Қызылорда облысында дүниеге келді. 

Ол премьер-министрдің орынбасары, баспасөз хатшысы және Президенттің баспасөз қызметінің жетекшісі болып қызмет атқарған еді. Одан бөлек, Көшербаев білім, мәдениет және денсаулық министрі, білім және ғылым министрі болды.

2000 жылдың соңында ол Батыс Қазақстан облысының әкімі, ал 2003 жылдың қараша айында Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі ретінде қызмет істеген. 2006 жылы 24 қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі болды. 2012 жылы премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Ал 2013 жылдың 17 қаңтарында Қызылорда облысының әкімі болып қызмет атқарған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная