22 желтоқсан 2023 09:14

Қысқы каникул: Қазақстанда мектеп оқушылары қанша күн демалады?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық мектеп оқушылары қысқы каникулда 10 күн демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық мектеп оқушылары қысқы каникулда 10 күн демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екінші тоқсан бейсенбі, 28 желтоқсанда аяқталады. Қысқы демалыс 2023 жылғы 29 желтоқсан, жұмада басталады.

Қысқы каникул кезінде оқушылар барлығы 10 күн демалады: 2023 жылдың 29 желтоқсанынан 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыстар 2024 жылдың ақпанында болады. Мұндай демалыс күндері жыл сайын беріледі. Биыл олар 7 күнге созылады - 2024 жылдың 5 ақпанынан 11 ақпанына дейін (қоса алғанда).

Көктемгі демалыс (11 күн) 21 наурызда басталып, 2024 жылдың 31 наурызына дейін (қоса алғанда) жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram