ПОДЕЛИТЬСЯ
27 ақпан 2021 | 10:27
"Қыстауға оралмады" Қарағанды облысында ер адам үсіп өлді
Қарағанды облысында 60 жастағы ер адам далада үсіп өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысында 60 жастағы ер адам далада үсіп өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
26 ақпанда Шет ауданы Ақжал ауылдық округінде ер адамның жоғалғаны туралы хабар келіп түскен. Ол 25 ақпанда күндіз қыстаудан белгісіз бағытта шығып, оралмаған.
Ақпарат бойынша, сол күні сағат шамамен 17:15-те жоғалған ер адамның денесі қыстаудан бес шақырым жерде табылды.
Қарағанды облысының ТЖД өкілдері тұрғындардан ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге жаяу шықпауды және жол жүрмеуді сұрайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также