16 мамыр 2022 | 13:25

Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялай ма? Заңгер түсіндірді

Фото: facebook.com/KazakhstanMFA

Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мән-жайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мән-жайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қытай түрмесіне өмір бойына сотталған қазақстандықты экстрадициялау туралы ойлау әлі ерте. Мәселе әлі шешілген жоқ.

"Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайына келер болсақ. Жазаны қайта қарап, Қазақстанға қайтару бойынша нақты мерзім жоқ", - деп түсіндірді адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов.

Реклама
Реклама

Бұған дейін адвокат қазақстандық қызды экстрадициялау бойынша түсініктеме берген болатын.

"Қазақстан Республикасының сотталған азаматтарын елге қайтару 2015 жылдың 30 қыркүйегінде Бейжіңде қол қойылған екіжақты келісіммен реттеледі. Мұндай келісім барлық елде жоқ. Бұл факт!

Елге қайтару мына процедуралардан тұрады:

  1. Үкімді өмір бойына бас бостандығынан айырудан бас бостандығынан айыруға (мерзім бойынша есептелген) қайта қарау туралы қаулы елге қайтаруға тікелей ықпал етеді.
  2. ҚР Бас прокуратурасына сотталушыны елге қайтару туралы өтінішхат жолдау. *Өтінішхатты мен 2016 жылдың сәуірінде бастадым.
  3. БП мен ҚР СІМ-нің Қытай тарапымен бағдарламаны орындау бойынша өзара іс-қимылы.

Өте маңызды сәт. Биыл жаза қайта қаралуы мүмкін", - деді Нұрмағамбетов. 

Қазір Ақжарқын Қытайда жазасын өтеп жатыр. Адвокаттың айтуынша, ол отбасына тұрақты түрде телефон соғып, хат алмасып тұрады. 

Еске сала кетейік, қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанжоу әуежайында ұсталған еді. Кейін оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Біраз уақыттан кейін сот үкімі жойылып, іс қайта қарауға жолданған.

Бойжеткен есірткі туралы білмегенін алға тартады. Нигериялық есірткі тасымалының ұйымдастырушысы әлі ұсталған жоқ. 

2015 жылы маусымда Ақжарқын Тұрлыбай өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная