Қытай Қазақстанға 7,5 миллиард теңге бермек

Дина Шарипханова Корреспондент
Қытай Қазақстанға 7,5 миллиард теңге бермек Фото:depositphotos.com

Қытай Қазақстанға қазіргі бағам бойынша 100 миллион юань, яғни 7,5 миллиард теңге көлемінде өтеусіз грант береді. Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Қазақстан мен Қытай арасында қол қойылған келісімді бекітетін құжатты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жариялады.

Келісім-шарт талаптарына сәйкес Қытай Қазақстанға 100 миллион юань (7,5 миллиард теңге немесе шамамен 14 миллион доллар) көлемінде грант береді. Қаражат Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамытуға бағытталады.

Жарнама
Жарнама

Басқа мақсаттардың қатарында елдер арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанға қосымша инвестиция тарту бар.

Қаулы жобасы 24 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама