08 маусым 2021 | 11:51

Қытай коронавирус үшін өтемақы төлеу туралы Трамптың талабына жауап берді

Камила Долаева Журналист

Қытай билігі АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың коронавирус пандемиясына өтемақы ретінде 10 триллион доллар төлеу туралы талабын қабылдамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NDTV сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытай билігі АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың коронавирус пандемиясына өтемақы ретінде 10 триллион доллар төлеу туралы талабын қабылдамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NDTV сайтына сілтеме жасап.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэнбиннің айтуынша, Трамп мәлімдемесі арқылы мыңдаған адамның өліміне жауапкершілікті басқалардың мойнына артпақ болды.

Дипломат БАҚ-қа өткізген брифингінде Трамп билеп тұрғанда елде 24 миллионнан аса COVID-19 жағдайы тіркелгенін және қайтыс болғандар саны 410 мыңнан асқанын айтты.

Реклама
Реклама

"Трамп деректерді елемеді, пандемияға қарсы әрекет етудегі сәтсіздігі үшін жауапкершілікті ысыруға тырысты және қоғам назарын басқаға аудармақ болды. Біз Америка қоғамы жауапкершілікті кім сезуі керек екенін нақты білетініне сенімдіміз. Адамдардың өмірі мен денсаулығына назар аудармаған екіжүзді саясаткерлерді жауапқа шақыру керек", - деді Вэнбин.

Еске салайық, 6 маусымда Солтүстік Каролинада өткен Республикалық партияның съезінде Трамп Қытай коронавирус пандемиясы үшін АҚШ-тың экономикалық залалын өтеуі керек деп мәлімдеді. Ол Қытайға 10 триллион долларлық шот берілуі тиіс екенін және оларға қарыз елдердің барлығы ақша төлеуден бас тартуы керек деген.

Бұған дейін Трамп коронавирусты "қытайлық вирус" деп атаған жөн деп бірнеше рет айтқан. Трамп әкімшілігі коронавирусқа "кунг-фу-тұмау" деген атау да берген. Өз кезегінде ҚХР СІМ өкілдері инфекцияның атын Қытаймен байланыстыру әрекеттерін үнемі айыптап отырды. Джо Байден де үкіметтік құжаттарда "Қытай вирусы" терминін қолдануға тыйым салуға ниетті екенін айтқан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная