Қытайда адам өліміне әкелген төбелестен кейін қазақстандық ұсталды

Қытайда адам өліміне әкелген төбелестен кейін қазақстандық ұсталды Бейнеден алынған кадр

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытайда ұсталған Қазақстан азаматы Махмұтхан Шерназаровқа қатысты жағдайға пікір білдірді. Бұған дейін әлеуметтік желілерде істің объективті тергелуіне көмек сұраған жазба жарияланған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытайда ұсталған Қазақстан азаматы Махмұтхан Шерназаровқа қатысты жағдайға пікір білдірді. Бұған дейін әлеуметтік желілерде істің объективті тергелуіне көмек сұраған жазба жарияланған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

Threads-тегі жазба авторы Қытайда күтпеген жағдай болып, ол ұсталған азаматтың отбасы үшін "үлкен қайғыға" айналғанын жазды. Оның айтуынша, Қазақстан азаматы Махмұтхан Шерназаров ҚХР азаматымен болған жанжалға іліккен.

Жарнама
Жарнама

"Төбелес салдарынан Қытай азаматы қаза тапты. Біз қайғылы оқиға болғанын жоққа шығармаймыз, бірақ жағдай нақты қалай болғанын түсіну өте маңызды", - делінген жазбада.

Сондай-ақ жазба авторы оқиғаның видеожазбасы бар екенін айтады. Оның сөзінше, бейнежазбада Қазақстан азаматына бірнеше адам тап бергені көрінеді-міс.

"Ол топтасқан шабуылға ілігіп, соққыға жығылған және құтылып кетуіне мүмкіндік болмаған. Махмұтханның әрекеті өзін-өзі қорғау сипатында жасалған. Осы өзін-өзі қорғау барысында бір адам қаза тапты", - делінген жазбада.

Сонымен қатар жарияланым авторы бұл оқиға қазақстандықтың тарапынан "алдын ала жоспарланған зорлық-зомбылық немесе шабуыл" емес екенін мәлімдеді.

"Ол шабуылдаушы емес. Ол қауіпті жағдайға тап болып, өз өмірін қорғауға мәжбүр болған", - делінген Threads желісінде пайда болған ақпаратта.

Жазбада Шерназаровтың Қытайға жұмыс істеуге кеткені де айтылады. Туған-туыстары бейнеайғақтар және топтық шабуыл жасалуы мүмкін деген мән-жайларды ескере отырып, істің объективті тергелуіне жәрдемдесуді сұрайды.

Қазақстан СІМ пікірі

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ведомствоның Қазақстан азаматына қатысты жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді.

"Гуанчжоу қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығына Қытай Халық Республикасы Гуандун провинциясының қоғамдық қауіпсіздік басқармасынан ресми хабарлама келіп түсті. Қытай тарапы мәліметінше, Қазақстан азаматы денсаулыққа әдейі зиян келтіруге байланысты іс-әрекет жасады деген күдікпен ұсталған", - деп хабарлады СІМ.

Ведомство қазақстандық тарап іс бойынша қосымша ақпарат алу үшін ҚХР құзыретті органдарына сауалдар жолдағанын атап өтті.

"Қазақстандық дипломаттар ұсталған азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста және өз құзыреті шеңберінде қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр", - делінген ресми пікірде.

СІМ бұл мәселе министрліктің бақылауында екенін қосты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама