28 сәуір 2020 | 23:40

Қытайда "Қара жорға" билеген қазақ дәрігерінің кім екені анықталды

Видео кадры

Қытайда "Қара жорға" билеп, танымал болған қазақ дәрігерінің кім екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытайда "Қара жорға" билеп, танымал болған қазақ дәрігерінің кім екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Бахаргүл Толқын телеарна тілшілеріне берген сұхбатында үйіне оралғанын айтқан. Ол - Шыңжаңның тумасы. 

Реклама
Реклама

Хируг-дәрігер екі ай бойы, ең қауіпті ошақ Уханда болып, науқастарды емдеуге көмектесіпті. Білікті маман қатерлі дертпен күресе жүріп әдемі биімен емделушілердің көңілін көтерген еді. 

Дәрігермен қауышуға туған-туыстары ғана емес, көрші-қолаңдары да жиналып, ыстық ілтипатын білдірген. Құшағы гүлге, жүзі нұрға толған дәрігердің құрметіне қазақтың игі дәстүрімен шашу шашылды. Мәре-сәре болған жұрт "Қара жорғаны" тағы бір мәрте биледі. Қарсы алуға келген өзге ұлт өкілдері де қазақтың биін билеуден қалыс қалмапты.

Баһаргүлдің отбасын көрмегеніне 3 айға жуықтаған. Ата-анасын, жолдасын, әсіресе ұлын қатты сағынғанын айтады. Індетті жеңіп, үйіне аман-есен оралған сәті кең дастархан басында жалғасты. Бауырсақ, құрт, қазы-қарта, шұжық. Қандастарымыз жырақта жүрсе де, қазақтың дәстүрін ұмыт қалдырмапты.

"Ухан халқына көңіл бөлуін білдірттім. Өзім қазақ болғаннан кейін, халық биі "Қара Жорғаны сол жерде билеп бердім. Ухан халқы ішінде жатқан науқастар сондай жақсы көрді. Сіздер өздеріңізді өздеріңіз жігерленіп осындай көңіл күйде болсаңыз ауруды жеңесіз деген ойда болдым", - дейді ол.

Баһаргүл екі айға жуық ең қауіпті ошақ Уханда болып, дәрігерлік міндетін атқарып келді. Туған өлкесі Шыңжаңға оралғанымен, сақтық үшін тағы 20 күн карантинде болды. Дәрігердің айтуынша, қазір Ухандағы жағдай тұрақталған. Тіпті ауруханада вирус жұқтырған бірде-бір науқас қалмапты.

"Алаңда қорқыныш болады. Бірақ, міндетім болғаннан кейін барғаннан кейін бір ойым осы кісілерді жазып, өзімнің қызметімді жақсы істеп келу осындай ой болды. Сол кездегі науқастар жазылып, алды жұмысқа шығып кетті. (...) Қазақстан халқына айтатыным біріншісі үйден шықпау, екіншісі үйден шыққасын маск тағу. Үшіншіден өзіңізді өзіңіз жақсы ұстап, көңіл күй жақтан таймау керек, төртіншісі көптеген етті жеп, сүтті ішіп, айран ішіп, жақсы тамақтардан жеп дененің ауқатын жақсы қылу. Біз сіздер мына күрделі вирустан тезірек жеңуін тілек етеміз", - дейді Бахаргүл Толқын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная