30 қаңтар 2020 | 15:37

Қытайдан эвакуацияланған қазақстандықтар қалай тексеріледі?

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қытайдан келген қазақстандық студенттер мен туристер қалай тексерілетінін түсіндірді. Оның айтуынша, олардың елге келуі басқа қазақстандықтар үшін толық қауіпсіз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қытайдан келген қазақстандық студенттер мен туристер қалай тексерілетінін түсіндірді. Оның айтуынша, олардың елге келуі басқа қазақстандықтар үшін толық қауіпсіз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Егер оларды алып келсек, карантинге оқшаулаймыз. Бұл үшін арнайы аурухана дайындап қойдық. Барлығын сонда апарып, 14 күн бойы сонда ұстаймыз. Қан алып, сараптама жасаймыз, егер денсаулығына еш зиян келмеген болса олар шығарылады. Егер араларында науқас болса, емдеу шараларын ары қарай жалғастырамыз. Әуежайда олармен біздің медициналық қызметкерлерден басқа ешкім байланыста болмайды. Арнайы автобуспен клиникаға апарамыз", - деді Сапарбаев. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол медициналық қызметкерлердің Қытайдан келген азаматтармен жұмыс істеуден бас тартып жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Олай емес. Тапсырма берілді. Барлығы нұсқамадан өтті. Олар адамдармен бетперде киіп жұмыс істейді, себебі біз медициналық қызметкерлердің, дәрігерлердің және бақа да мамандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз", - деді вице-премьер. 

Осыған дейін, Қазақстанда коронавирустан қорғануға 1,5 миллиард теңге бөлінетіні айтылды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная