13 қараша 2018 | 17:52

Қытайдың басқа аумақтарға шабуыл жасау туралы ойы жоқ - Назарбаев

© REUTERS

Қазақстан Қытайдың ең жақын көршісі болып саналады және ол қазір Қытай тарапынан ешқандай қысым көріп жатқан жоқ. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Astana Club отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Қытайдың ең жақын көршісі болып саналады және ол қазір Қытай тарапынан ешқандай қысым көріп жатқан жоқ. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Astana Club отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мысалы, маған неліктен мұндай конфронтацияның (АҚШ пен Қытай арасындағы - автор.) болып жатқаны түсініксіз. Біреулер Қытайды өзін мемлекет етіп көрсеткісі келетін континент деп айтады. Қытай - ол өзін халық ретінде таныстырғысы келетін өркениет. Расында да солай. (...) Ешқандай шабуыл мен қысым және патернализмді сезіп жатқанымыз жоқ", - деді Назарбаев.

Реклама
Реклама

Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың өз ішкі проблемалары (жұмыссыздық, көші-қон және тағы басқа) жеткілікті екенін айтып өтті.

"Си Цзиньпинмен жиі кездесіп тұрамын, осы тақырыптарда ашық сөйлесеміз. Қытайдың экспансия, басқа аумақтарға шабуыл жасау туралы ойы жоқ. Керісінше оларға даму керек, бейбіт өмір керек. Мемлекеттің ішкі жағдайын жақсартып, елдің технологиялық өсімін дамыту керек", - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қытай жаһандану мен даму идеясын белсенді түрде қолдап жатыр.

"Жібек жолында" жаһандану дамып жатыр. Бұл бағдарламаға әлемнің 60-тан аса мемлекеті қатысып жатыр. Қытайдың қаражаты бар, мемлекеттердің дамуына көмектесіп жатыр. Мұнда елді басып алу қаупі бар ма? Мен ондайды көріп тұрған жоқпын", - деді Президент.

Ірі дағдарыстар болуы әбден мүмкін - Назарбаев


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная