Қытайдың үш автокөлік бренді Қазақстанда зауыт ашуға ниетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

"Астана Моторс" Қазақстанда зауыт ашқысы келетін Қытайдың үш автокөлік брендімен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана Моторс" қазір Қытайдың үш ірі компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Қытайдың ең танымал брендтері осында "Астана Моторспен" бірге зауыт ашып, локализация жасамақшы. Халықтың автокөлікке деген сұранысы біздің автоөнеркәсіптің дамуына мүмкіндік береді", - деді Өскенбаев.

Журналистер министрге жеңілдетілген автокөлікті несиеге алу кезегі үш мыңға жеткенін айтты.

Реклама
Реклама

"Бұл өте жақсы, өйткені қазір бізде автокөлік өндірісі ұлғайып жатыр және тұрғындардың отандық көліктерге сұранысы жоғары, өндіретін көліктердің көлемін одан әрі арттыруымыз керек", - деп түсіндірді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама