ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қыркүйек 2021 | 17:23
Қытаймен шекарада мыңдаған вагон тұрып қалды: ҚТЖ оқиғаға түсінік берді
ҚТЖ Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы жағдайына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚТЖ Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы жағдайына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл қою мақсатында ҚХР үкіметі Достық-Алашанькоу және Алтынкөл-Қорғас шекаралық өткелдерінде алдын алу және бақылау шараларын күшейтті. 15 тамыздан бастап Алашанькоу станциясында (ҚХР) COVID-19 індетінің жаңаша қарын алуына байланысты қытай тарапы тек контейнерлік пойыздарды қабылдап, Қытай-Еуропа-Қытай транзиттік дәлізі бойынша өтетін жүктерге басымдық бере отырып, пойыздарды қабылдауды/жөнелтуді шектеді", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ҚР ИИДМ "ҚТЖ" ҰК" АҚ-мен бірлесіп осы мәселені шешу мынадай шаралар қабылдап жатыр:
- жүктердің 80 пайызын Алтынкөл-Қорғас станциясына қайта бағыттау;
- контейнерлік жүктер үлесінің артуы;
- "ҚТЖ" ҰК" АҚ және Үрімші темір жолы басшылығы деңгейінде апта сайынғы кездесулер және шекара маңындағы станциялар бастықтары деңгейінде күнделікті кеңестер өткізу.
Келіссөздер қорытындысы бойынша, Үрімші темір жолының басшылығы қазіргі уақытта осы мәселе бойынша жергілікті үкіметпен жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. ТЖБ шектеулерін алып тастаған жағдайда штаттық жұмыс режиміне көшуге дайын.
8 айдың қорытындысы бойынша ҚР мен ҚХР арасындағы жүк тасымалы 14,4 миллион тоннаға жетіп, 2 пайызға артты, оның ішінде контейнерлік тасымал - 579 мың ЖФЭ, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға артты.
Жағдай ҚР Үкіметінің тұрақты бақылауында, деді ҚТЖ өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также