15 тамыз 2023 | 09:55

Қытаймен шекарадағы "Бақты" өткізу бекеті уақытша жабылады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Қазақстан-Қытай шекарасында "Бақты" көлік өткізу бекеті уақытша жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан-Қытай шекарасында "Бақты" көлік өткізу бекеті уақытша жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

"Биылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру жөніндегі жоба шеңберінде Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан "Бақты" автомобиль өткізу пунктін қайта жаңарту жүргізіліп жатыр.

Жұмыстарды жүргізу кестесі бойынша 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында өткізу пунктінің автомобиль жолы арқылы өтетін сыртқы сумен жабдықтау желілерін төсеу жоспарланған.

Осыған байланысты, Комитет жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу барысында автокөлік құралдарының жүруіне мүмкіндік болмағандықтан, 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында "Бақты" өткізу пунктінің жабылатыны туралы хабарлайды", - делінген хабарламада.

"Бақты" өткізу пунктінің ашылуы 2023 жылғы 21 тамыздан бастап штаттық режимде жоспарланып отырғаны айтылды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная