ПОДЕЛИТЬСЯ
02 ақпан 2023 | 10:04
Қытаймен шекарадағы құны 5,3 миллиард теңге болатын кешен мемлекетке берілді
ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті Eurotransit Nur Zholy ЖШС-не қатысты соталды тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті Eurotransit Nur Zholy ЖШС-не қатысты соталды тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
"Заңды тұлға Қытай Халық Республикасының бейтарап аумағынан Қазақстан Республикасына жүк тасымалдаушы жалғыз оператор бола тұра, қызметке бағаны заңсыз өсірген. Атап айтқанда, компанияға тиесілі бос жүк машиналары ҚХР-ның бейтарап жағынан тауар тиеп, ЖШС қоймасына қайта оралып отырған. Бұл қызметі үшін бағаны, яғни бір рейске (ұзындығы 3 шақырым) заңсыз жолмен қымбаттатқан. Монополистік қызметтен түскен табыс 4,2 миллиард теңге болды", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, тергеп-тексеру барысында өз кінәсін мойындаған ЖШС басшылығынан мемлекет кірісіне құны 5,3 миллиард теңгеден аса ЖШС активтерін (аумағында көлік-логистикалық ұйым орналасқан 3,6 гектар жер телімі) аудару туралы өтінішхат түскен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также