01 ақпан 2024 | 17:01

Қыз алып қашу оқиғасы: ер адам 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Шымкентте қалыңдық ұрлау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте қалыңдық ұрлау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент прокуратурасына сілтеме жасап.

Биыл 16 қаңтарда Шымкент полициясының кезекші бөліміне азаматша М.А. қызын үйлену мақсатында белгісіз ер азаматтың ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

"Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекснің 125-бабы 2-бөлігі 1) тармағының негізінде ("Адамды ұрлау") соталды тергеп-тексеру басталып, нәтижесінде Маңғыстау облысының "Г" есімді тұрғыны ұсталып, екі айға қамауға алынды. Тергеп-тексеру барысында барлық мән-жай анықталады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Мұндай қылмысты жасағаны үшін кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, оларға қатысты жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

әҚазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды".

Іс қала прокуратурасының ерекше бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная