ПОДЕЛИТЬСЯ
20 мамыр 2024 | 17:02
Қызды аяусыз соққыға жығу сәті видеоға түсіп қалды: полиция мәлімдемесі
Қызды аяусыз соққыға жығу сәті видеоға түсіп қалды. Жамбыл облысында полицейлер тергеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызды аяусыз соққыға жығу сәті видеоға түсіп қалды. Жамбыл облысында полицейлер тергеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның қызды ерекше қатыгездікпен ұрып, оны қою қызыл түсті көлікке күштеп отырғызбақ болған сәтін түсіріп алған куәгерлердің видеосы тарап жатыр. Оқиға 13 мамырға қараған түні болған. Кадрда қыздың ер адамның қолынан сытылып шығуыға тырысқаны, бірақ әрбір әрекеті үшін таяқ жегені көрсетілген.
Кадрларда қызды отырғызбақ болған көліктің жүргізушісі еш әрекет жасамағанын көруге болады.
"Дерек бойынша 2024 жылдың 13 мамырында Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі хабарламасында.
Әзірге зардап шеккен қыздың ұсталған ер адамға кім екені белгісіз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также