“Қызды дәретханаға кіргізген“: Тараздағы мектеп-интернат жанжалды оқиғаны жасырып қалған

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Әлеуметтік желілерде Тараздағы мектеп-интернатта түсірілген видео тарады. Кадрлардан бірнеше ұлдың қызды әжетханаға итеріп кіргізіп, есікті ішінен жауып алғаны көрінеді. Басқа балалар есікті ашып қараған кезде, қыздың шалбарын киюге тырысқаны, ал ұлдардың оның жанында топталып тұрғаны камераға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Тараздағы мектеп-интернатта түсірілген видео тарады. Кадрлардан бірнеше ұлдың қызды әжетханаға итеріп кіргізіп, есікті ішінен жауып алғаны көрінеді. Басқа балалар есікті ашып қараған кезде, қыздың шалбарын киюге тырысқаны, ал ұлдардың оның жанында топталып тұрғаны камераға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы?

Видеожазба жергілікті пабликтерде жарияланып, қолданушылардың ызасын тудырды. Көпшілік мемлекеттік мекеме қабырғасында не болып жатқанын анықтап, кінәлілерді жазалауды талап етті.

Реклама
Реклама

Білім басқармасының ресми түсініктемесі

Жамбыл облысы Білім басқармасы мәліметінше, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп-интернаттағы жағдайға байланысты тексеру жүргізілген. Мектеп басшылығы биыл 5 сәуірде болған оқиғаны жасырып, құзырлы органдарға хабарламағаны белгілі болды. Бұл жайында тек бейнежазба жарияланғаннан кейін ғана белгілі болған.

"Мектеп-интернаттың жауапты қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылды. Құзырлы органдарға ақпарат бермегені үшін мектеп-интернат директорына еліміздің Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жаза шарасы қолданылды", – деп хабарлады басқарма.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне мектеп-интернат директорының үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау жөнінде ұсыныс жолданған.

Қазіргі уақытта полиция тарапынан да оқиғаға құқықтық баға беріліп жатыр.

Жамбыл облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Дәурен Бағжановтың мәліметінше, қазір қызға қажетті психологиялық көмек көрсетіліп жатыр, сондай-ақ ол басқа мектепке ауыстырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама