Қызмет көрсету ақысы және депозит: кафе мен мейрамханалар жұмысында не өзгереді?

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану саласындағы қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың өкілдерімен кездесті. Кездесуге арқау болған мәселе - қоғамдық тамақтану қызметтерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мейрамханалар мен дәмханаларда келушілерге қызмет көрсеткені үшін 10 пайыз төлем алу тәжірибесінің заңдылығын, сондай-ақ депозиттік жүйе мәселелерін талқылады. Министр Қазақстанның Азаматтық кодексіне сәйкес, қоғамдық тамақтану саласында ас мәзірін ұсыну жария оферта болып табылатынын, сәйкесінше, қызмет көрсету үшін ақы төлеу қажеттілігі туралы ақпарат ас мәзірінде көрсетілуге тиіс екенін еске салды. Егер ондай ақпарат болмаса, онда төлемақы алу заңсыз деп есептеледі.

"Келушілерге қызмет көрсеткені үшін заңсыз ақы алуды болдырмау үшін Ішкі сауда ережесіне өзгерістер енгізілді. Енді мейрамханалар қызмет көрсету ақысын тек мәзірде көрсетілген жағдайда ғана ала алады. Сондай-ақ, "депозиттік жүйеге" тыйым салатын ережелер айтылды. Келушілер үшін кіру тегін болып қалады, алайда қосымша қызметтер үшін, мысалы, VIP-кабина, караоке-кабина үшін ақы алуға болады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Кездесу барысында Арман Шаққалиев кәсіпкерлердің талқылауына қызмет көрсету үшін ақы төлеу ережелерін нақтылаудың орындылығы туралы мәселені ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная