08 қаңтар 2021 | 13:32

"Қызыл" аймақтан соңғы өңір шықты

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда коронавирус таралуы бойынша қауіпті барлық өңір "қызыл" аймақтан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда коронавирус таралуы бойынша қауіпті барлық өңір "қызыл" аймақтан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңартылған мәліметке сәйкес, коронавирус бойынша "қызыл" аймақта бірде-бір өңір қалған жоқ. Соңғы болып Атырау облысы шығып, "сары" аймаққа ауысты. Онда Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары және Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары бар.

Реклама
Реклама

Қалған барлық өңір "жасыл" аймақта.

Еске салайық, "қызыл" аймақ соңғы рет 5 қаңтарда "босаған" еді. Алайда келесі күні-ақ Атырау облысы оралған.

Кейінгі тәулікте Қазақстанда коронавирустың 831 жаңа жағдайы анықталды. Эпидемия басталғалы барлығы 160 650 адам вирус жұқтырып, 147 512 адам сауықты, 2 352 адам қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная