“Қызыл деңгей“: Алматы тұрғындарына тауға шықпау ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент
“Қызыл деңгей“: Алматы тұрғындарына тауға шықпау ұсынылды Фото © Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматы тұрғындары мен қонақтарына маңызды ескерту жасалды. Іле Алатауы тауларындағы қар көшкіні туралы ескерту ең жоғары деңгейге көтерілді. Қазіргі уақытта өздігінен немесе абайсыз қадамнан қар көшкіні болу қаупі өте жоғары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

27 ақпан күнгі қаркөшкін бюллетеніне сәйкес, Іле Алатауы тауларында лавиналық қауіп жоғары (қызыл деңгей).

Соңғы күндері тауда ауа райы күрт өзгерді:

Реклама
Реклама
  • Артынша мол қар жауды (60–70 см дейін)
  • Қар жамылғысы 120–200 см-ге жетті.

"Мұндай жағдайда өздігінен және адам әсерінен болатын қар көшкіндері өте ықтимал. Әсіресе Кіші және Үлкен Алматы өзендері алабында, Медеу – Шымбұлақ маңында, биік таулы аймақтарда қауіп жоғары", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты құтқарушылар маңызды ескерту жасады:

  • Тауда серуендеу, фрирайд, альпинизммен айналысу – өмірге қауіпті.
  • Ресми ескертулерді қатаң сақтаңыздар.
  • Құтқару құралдарынсыз қауіпті беткейлерге шықпаңыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама