ПОДЕЛИТЬСЯ
19 желтоқсан 2021 | 10:12
Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалды
Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем ұлттық табиғи саябағында түркістандық сілеусін қызметкерлер тарапынан қойылған фототұзаққа түсіп қалған. Бұл туралы ҚР ЭГТРМ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан сілеусінін 1904 жылы Ричард Лидеккер анықтап, Lynx lynx wardi деген ғылыми атау берген. Кәдімгі сілеусіннің бұл кіші түрі Орталық Азияның таулы аймақтары мен ормандарында тұрады.
Жыртқыш жануар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, оны аулауға 1976 жылдан бері тыйым салынған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также