16 ақпан 2023 | 09:29

Қызылорда әкімдігі 100 теміржолшының жұмыстан босатылуына қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қызылорда облысының әкімдігі басшылықтан жалақыны көтеруді талап еткен вагон депосының 100-ге жуық қызметкерінің жұмыссыз қалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысының әкімдігі басшылықтан жалақыны көтеруді талап еткен вагон депосының 100-ге жуық қызметкерінің жұмыссыз қалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы мәселе бойынша кәсіпорынның мәжіліс залында қызметкерлермен кездесу өткені туралы редакцияға ресми жауап жолданды.

"Оған облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов, көлік прокуроры Еркебұлан Лесбеков, облыстың бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ғанижан Қалиев және "АГМ-Табыс" ЖШС бас директорының кеңесшісі Олеся Имашева қатысты. Имашеваның айтуынша, кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 15-тен 60 пайызға дейін көтерілген. Алайда, жұмыскерлер арасында ақша бөлініп түсуіне қатысты түсініспеушіліктер болған", - делінген әкімдіктің жауабында.

Реклама
Реклама

Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтың ұсынысы бойынша 16 ақпанда сағат 09:00-ден бастап Олеся Имашева мемлекеттік еңбек инспекторларының қатысуымен (Жұмыс берушінің және қызметкерлердің келісімімен) алынған жалақыға қатысты толық ақпарат беру үшін шағымдары бар барлық қызметкерлерді жеке өзі қабылдайды.

"Еңбек заңнамасы бұзылғандығы анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады (өтініштер түскен жағдайда)", - деп атап өтті әкімдік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная