18 желтоқсан 2017 | 18:19

Қызылорда қаласына қарасты ауылдар газбен қамтылып жатыр

© Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентініне газ құбыры тартылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Белкөл кентін газдандыруға облыстық бюджеттен 378 миллион теңге қаралған болатын, осы қаржыға 26 шақырым газ құбыры тартылып, 630 үйге көгілдір отын қосылды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентініне газ құбыры тартылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Белкөл кентін газдандыруға облыстық бюджеттен 378 миллион теңге қаралған болатын, осы қаржыға 26 шақырым газ құбыры тартылып, 630 үйге көгілдір отын қосылды. 

Реклама
Реклама

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев кент тұрғындарын және бүгінгі айтулы қуаныштарымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

"Соңғы жылдары Қызылорда қаласында тұрғындарға жайлы жағдай жасауға бағытталған сумен және газбен жабдықтау, жол құрылысы және тағы басқа ауқымды жобалар жүзеге асты. Бұған дейін Тасбөгет, Қызылжарма және Талсуат елді мекендері газдандырылды, ал бүгін біз Белкөл кентін көгілдір отынға қосамыз. Мұндай ірі жобалардың жүзеге асуы ең алдымен Тәуелсіздіктің және Елбасының қолдауының нәтижесінде мүмкін болды. Сіздерді мерейлі мерекемен және көптен күткен газға қосылуларыңызбен құттықтаймын. Табиғи отын халықтың игілігіне қызмет етсін!", - деді Қырымбек Көшербаев.

Соңғы жылдары қалаға қарасты елді мекендерді газдандыру бойынша қарқынды шаралар қабылдануда.

2015 жылы қалаға қарасты Тасбөгет кенті мен Қызылжарма ауылдық округінде газдандыру жұмыстарына 2 миллиард 156,9 миллион теңге бөлініп, 115,4 шақырым газ құбырының құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіліп, осы жұмыстардың аясында 4 мыңнан аса тұрғын үйлер газбен қамтылған.

Былтыр Талсуат ауылдық округін және елді мекенде орналасқан үш әлеуметтік нысандарын газдандыру үшін облыстық бюджеттен 271,2 миллион теңге қаржы қаралып, нәтижесінде Талсуат ауылдық округі бойынша 31,5 шақырым газ құбырлары тартылып, 2 мың 365 ауыл тұрғындарының қуанышына орай 500-ге жуық үй табиғи газбен қамтамасыз етілген болатын.

Алдағы уақытта қалған елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары қолға алынып жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная