02 сәуір 2021 | 14:05

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Балжан Шаменова. Фото:gov.kz

Балжан Шәменова Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Балжан Шәменова Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Шәменова Балжан Мөрәліқызы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Шәменова Балжан 1962 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын "экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 1979 жылы Қызылорда қаласындағы "Риссовхозстрой" тресінің № 27 жылжымалы механикалық колоннасында штукатур-маляршы ретінде бастаған.

1984-1997 жылдары облыстың жоғарғы оқу орындарында жауапты педагогикалық қызметтер атқарған.

1997-2012 жылдары облыстық экономика басқармасының басшысы болған.

2012-2013 жылдары облыстық медицина орталығы директорының экономика бойынша кеңесшісі.

2013-2014 жылдары Қазақ инженерлік-техникалық академиясының доценті ғылыми қызметтерін атқарған.

2014-2016 жылдары ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің департамент директоры.

2016-2019 жылдары "Nur Otan" партиясы орталық аппараты жетекшісінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

2019 жылғы қыркүйек айынан бастап "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басшылық лауазымдарында әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызмет атқарып келді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная