ПОДЕЛИТЬСЯ
05 ақпан 2022 | 13:07
Қызылорда облысы бойынша Антикор департаментінің басшысы тағайындалды
Рустам Ақмырзаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа басшыны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов таныстырды.
Бұған дейін Рустам Ақмырзаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болған.
Рустам Ақмырзаев Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Салық полициясы органдарында бастады.
2001 жылдан 2018 жылға дейін қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Атап айтқанда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также