05 қараша 2018 20:31

Қызылорда облысында 6 жыл ішінде 200-ден аса әлеуметтік нысан салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыр өңірінде 200-ден астам әлеуметтік нысан салынды. Олар денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет саласының нысандары болып табылады. Бұл туралы Астана қаласында өткен Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, соңғы 5 жылда халықтың жан басына шаққанда әлеуметтік салаға арналған бюджет шығыстары бойынша облыс республикада көшбасшы болып келеді.

"2013 жылдан бастап 200-ден астам әлеуметтік сала нысандары пайдалануға берілді. Олар - денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет саласының нысандары. Мысалы 57 апаттық медициналық бекеттің орнына 49-ы салынды, қалғаны 2019 жылдың бірінші жартысында іске қосылады", - деді аймақ басшысы.

Осыған орай, 2013 жылдың басындағы есеп бойынша апат жағдайындағы 37 мектеп анықталса, бүгінде үш ауысымдық оқу және апаттық мектептер мәселесі толықтай шешілді.Сонымен қатар, облыста "Балапан" бағдарламасы мерзімінен бұрын іске асырылды - 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім мен тәрбиемен қамту мәселесі 100 пайызға шешімін тапты. 2013 жылдан бастап қолға алынған аймақтағы апатты жағдайдағы кезекте тұрған үй иелерінің мәселесі 2017 жылы оң шешімін тапты. Сондай-ақ, ағымдағы жылы өңірде Жаңақорған мен Жалағаш аудандарындағы 2 мектеп апатты жағдайда деп танылды, бұл мәселе назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети