Қызылорда облысында арықта аударылып жатқан түйені құтқару сәті видеоға түсірілді

Қызылорда облысында бетон арыққа түсіп кеткен түйе құтқарылды. Операция орнынан кадрларды "МИР 24" телеарнасы көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облысында бетон арыққа түсіп кеткен түйе құтқарылды. Операция орнынан кадрларды "МИР 24" телеарнасы көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жануар Сырдария өзенінің сол жағалауында тұзаққа түскен. Төңкеріліп жатқан түйені тұрғындардың бірі көрген, құтқарушыларды шақырған да сол адам. Құтқару шарасына альпинистік жабдықтар қажет болды.

Мамандардың айтуынша, түйе тағы екі сағат осы жағдайда жатса, өліп кетуі мүмкін еді. Жануар құтқарылғаннан кейін табынына қосылды.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама