25 желтоқсан 2021 | 10:01

Қызылорда облысында бас шыршаның шамы жағылып, 200 балаға жаңажылдық сыйлық табысталды

© Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа жылдың ажырамас нышаны саналатын шырша жағу рәсіміне қатысты. Дәстүрге сай Сыр елінің бас шыршасы орталық алаңға орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа жылдың ажырамас нышаны саналатын шырша жағу рәсіміне қатысты. Дәстүрге сай Сыр елінің бас шыршасы орталық алаңға орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мерекелік шарада аймақ басшысы тұрғындарды ғажайып сәттерге толы жаңа жыл мейрамымен құттықтап, өңір үшін биылғы жылдың табысты болғанын тілге тиек етіп, әр отбасыға бақ-береке тіледі.

Реклама
Реклама

"Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл еліміздің ең басты ұлық мерекесі – қасиетті де қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойын атап өттік. Қандай қиындық болса да, берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміздің арқасында бәріміз бірге еңсеріп, кез келген ауыртпалықты жеңе білдік. Пандемияға қарамастан өңірде бірқатар көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткіздік. Көптеген әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандары,тұрғын үйлер салынды.

Тәуелсіздік күні қарсаңында ірі индустриялық жоба шыны зауытын іске қостық. Енді оның айналасында қосалқы өндірістерді дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашамыз.

Жаңа жылға осындай игі істерімізбен, ізгі үмітімізбен қадам басып отырмыз. 2021 жылды жемісті аяқтасақ, ол - сіз бен біздің бірлесе атқарған еңбегіміздің нәтижесі.

2022 жыл әрбір отбасына мол ырыс-несібе әкелсін! Сыр қамбасы қазыналы болып, берекеміз арта берсін! Жаңа жыл құтты болсын, қадірлі жерлестер!" - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Орталық алаңдағы ұзынды 22 метр, диаметрі 10 метр шырша алуан түрлі ойыншықтармен безендіріліп, түрлі-түсті диодты шамдармен әрленген.

Мұнан соң, өңір басшысы 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев және Македонияда өткен халықаралық ән байқауының І орын, "Бала дауысы" ән конкурсының ІІІ орын иегері, жас әнші Серік Мадиярмен бірге жаңажылдық шыршаны салтанатты түрде жақты.

Думанды шарадағы концерттік бағдарлама жаңа жылдық әсер сыйлап, кештің сәнін келтірді.

Айту керек, бүгін Сыр елінде 200 балаға бір мезетте 200 Аяз ата мен 200 Ақша қар Президенттің арнайы сыйлығы табыс етіліп, балалар мерекені сезінді.

Балаларға арналған Президент шыршасы мерекесі аясында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова телевизиялық форматта балаларға тілек білдіріп, жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ал, облыс әкімінің орынбасары, қала, аудан әкімдері көпбалалы отбасынан шыққан дарынды, озат оқушыларға жаңажылдық сыйлықтарды үйлестіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. 

Президент атынан ұсынылған сыйлықта bilim book кешені, 6 айға тегін интернет роутер мен естелік кітаптар және тәтті сыйлықтар бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная