06 қараша 2020 07:56

Қызылорда облысында бір күнде 19 той анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында полицейлер күн ішінде 19 той анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың Полиция департаментіне сілтеме жасап.


Қызылорда облысында полицейлер күн ішінде 19 той анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 3 қарашада өткен рейд кезінде карантин талаптарын бұзып, отбасылық той-думан өткізген шаралар анықталған. Мұндай деректердің ішінде 17 той жеке үйде, ал қалған екеуі мейрамханада ұйымдастырылған. Нәтижесінде 19 адамға 792 мың теңге айыппұл салынды.

Мониторинг топтар 5 шілдеден бастап рейд өткізіп келеді. Тексеру нәтижесінде карантин талабын бұзған 804 дерек анықталды. Оның 403-і үйде, 383-і мейрамхана мен дәмханаларда өткізген. Көшеде топтасып жиналған 18 жағдай тіркелді.

"Анықталған заңбұзушылықтар бойынша 37 миллион теңгеге әкімшілік айыппұл салынды. Көбіне карантин талаптарын үйде, қоғамдық тамақтану орындарында және сауда үйлерінде бұзған", - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети