28 желтоқсан 2021 | 13:54

Қызылорда облысында даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің ескерткіші ашылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 445 жылдығына орай Сыр еліндегі Қазалы ауданында ескерткіш ашылды. Салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 445 жылдығына орай Сыр еліндегі Қазалы ауданында ескерткіш ашылды. Салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара "Жалаңтөс Баһадүр" спектакілінің үзіндісімен басталды. Аймақ басшысы атаулы датаның Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен қатар келгенін тілге тиек етіп, даңқты қолбасшыға арналған ескерткіштің ашылуымен тұрғындарды құттықтады.

Реклама
Реклама

"Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесімен қатар келген Жалаңтөс Баһадүрдің 445 жылдық мерейлі мерекесінде сәулеті өнерінің бір белгісі - осы еңселі ескерткішті орнатып отырмыз.

Самарқанды 30 жыл билеген Жалаңтөс Баһадүрдің тылсымға толы құпия әлеміне аса бір мұқиятпен үңіліп, ескерткішін қоладан құштарлықпен құйған елімізге белгілі мүсінші Аманкелді Кененбаев ерлік пен өрліктің, даналықтың үйлесімін дәл бейнелесем деген мақсатына жетті деп есептеймін.

Туған жерімізді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған батыр атамыздың рухы ұрпағын қолдап-қорғап жүргей!" - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Ескерткішті ашу құрметі облыс әкімімен бірге Қызылорда облысының Құрметті азаматы Самұрат Имандосов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, республикалық "Жалаңтөс Баһадүр" атындағы қоғамдық қорының төрағасы Нәжмаддин Мусабаевқа берілді.

Ескерткіштің негізгі бөлігінде Жалаңтөс пен оның мінген аты таза қоладан құйылып жасалған. Еңселі ескерткіштің авторы Аманкелді Кененбаев бұған дейін де мемлекеттік деңгейдегі маңызы бар ескерткіштерді шынайы жасап жүрген мүсінші. Бой көтерген мәдени нысанның жалпы биіктігі 12 метрді құрайды.

Еске салайық, Елорда, Алматы мен Ақтөбеде, облыс орталығы мен Қазалы ауданында Жалаңтөс Баһадүр атындағы көшелер бар. Қызылорда қаласында еңселі ескерткіші бой көтерген. Сондай-ақ, облыс орталығында дарынды балаларға арналған спорт мектебі, Қазалыда орта мектеп пен ауылға батыр есімі берілген.

Атап өту қажет, Сыр елінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты республикалық ақындар айтысы, Сыр сүлейі Кете Жүсіп Ешниязұлының 150 жылдығына арналған "Жырлансын, Тәуелсіздік жыр бұлағы" атты жыршы-жыраулар байқауы өткізілді. Мұнан бөлек, 3 томдық Сыр өңірі фольклоры антологиясының І томы - "Жанқожа батыр" жарыққа шықты. Сондай-ақ, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде "Сыр - Алаштың анасы" атты кітап жарық көрді.

Сондай-ақ, ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың 130 жылдығын атап өтілді. Ал, келер жылы "Халық қаhарманы" Роза Бағланованың 100 жылдығына Қызылордада ескерткіш орнатылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная