ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қазан 2018 | 10:58
Қызылорда облысында еңбек ері жаңа үйге ие болды
Ауылшаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттау рәсіміне орай аймақ басшысы Қ.Көшербаев "Құрмет" орденінің кавалері, Социалистік еңбек ері, 11 бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана - Сәлима Жұмабековаға жаңа үйдің кілтін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 қазанда Қызылордада егін жинау науқанының аяқталуына орай мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр. Салтанатты шарада облыс әкімі ауылшаруашылығы саласының қызметкерлерін егін жинау науқанының сәтті аяқталуымен құттықтап, сала бойынша үздік қызметкерлер мен ардагерлерді марапаттады.
"Алтын дән" - бұл еңбек мерекесі болғандықтан, социалистік еңбек ері, 11 бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана, Ыбырай Жақаевтың шәкірті - Сәлима Жұмабекованы марапаттау рәсімінен бастау керек деп санаймын. Сыр елін "Алаштың анасы" деп атайды, ал Сәлима Жұмабекқызын "Сыр анасы" деп атауға болады", - дей келе аймақ басшысы Сәлима Жұмабековаға жаңа үйдің кілтін табыстады.
Өз кезегінде, осы уақытқа дейін көпқабатты үйде тұрып келген Сәлима апа облыс басшылығына қамқорлығы мен жаңа кең баспанасы үшін алғысын білдірді.
Сәлима Жұмабекова 1935 жылы 25 тамызда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ленин ауылында (1997 жылдан бастап - Тұрмағамбет ауылы) дүниеге келген. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған, сондай-ақ, өзі туған ауылда ауылдық кеңесті басқарған.
2008 жылы облысқа жасаған сапары барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сыр елінің ауылшаруашылығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін бірқатар ардагер-әйелдерге жаңа пәтердің кілтін табыстаған. Олардың қатарында Сәлима Жұмабекова да болды.
Показать комментарии
Читайте также