ПОДЕЛИТЬСЯ
11 желтоқсан 2023 | 12:02
Қызылорда облысында лауазымды тұлғалар 200 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Жаңақорған аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғалары 200 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жаңақорған аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғалары 200 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
Қызылорда облысының прокуратурасы Жаңақорған аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
"Прокурорлар бюджет қаражатын білім беру жүйесінде жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшотына заңсыз аудару фактілерін анықтады. Сонымен қатар, жалған еңбекке жарамсыздық парағы мен іссапар шығындары бойынша бюджет қаражатын жымқыру схемасы әшкереленді.
Аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларының әрекеттерінен келтірілген шығынның жалпы 200 миллион теңге болады", - делінген хабарламада.
Аталған факт бойынша облыстық прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
"Айта кетейік, бұған дейін прокурорлар сол аудандағы мектептердің есепшілері мектептерде жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз ақша аударып, жымқырғанын анықтаған болатын.
Оларға қатысты қылмыстық істер сотқа жіберіліп, кейбіріне қатысты айыптау үкімі шығарылды".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также