04 сәуір 2023 | 16:42

Қызылорда облысында мектеп оқушыларының жаппай улану себебі анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Санитарлық дәрігерлер Қызылорда облысында мектеп оқушыларының жаппай улану себебін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Санитарлық дәрігерлер Қызылорда облысында мектеп оқушыларының жаппай улану себебін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

29 наурызда Қазалы ауданындағы №225 орта мектептің жиырма бес оқушысы тамақтан уланып, ауруханаға түсті.

Кейін мектеп асханасындағы аспаз көмекшісінен стафилококк бактериясы табылған.

Реклама
Реклама

"Мектеп оқушыларының улануына не себеп болғанын білдік. Аспазшының көмекшісінде стафилококк бактериясы бар екені анықталды. Стафилококк - тамақтан улануға әкелетін бактериялардың бірі. Дәл осындай бактерия зардап шеккен 14 баладан табылды", - деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әлия Әбдіқайымова.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, мектеп асханасының аспазшысы мен аспазшының көмекшісі жұмыстан босатылып, білім мекемесінің медицина қызметкері жұмыстан шеттетілген.

"Білім беру ұйымының жауапты тұлғаларына қатысты тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Балалардың жағдайы қанағаттанарлық", - деді білім бөлімінің бас маманы Нұржан Жұманов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная