ПОДЕЛИТЬСЯ
17 шілде 2020 | 17:26
Қызылорда облысында пара алған басшының қылмысы әшкере болды
Қызылорда облысында полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылорда облысында полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, өңірдегі полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау барысында әшкереледі. Ол есірткі құралдарын өндіру кезінде қамқорлығы үшін 500 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР қылмыстық-процестік кодексi 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін іске қатысты өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.
Показать комментарии
Читайте также