Қызылорда облысында полицейлер 6 миллион теңгенің ұрлығын ашты

Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында полицейлер 6 миллион теңгенің ұрлығын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда облысында полицейлер 6 миллион теңгенің ұрлығын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылғы 10 қаңтарда Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны өзінің жеке үйінде ұрлық болғаны жөнінде хабарлаған. Тексеру барысында үй иелері болмаған уақытта белгісіз адам жәбірленушінің үйінің жатын бөлмесіне терезені бұзу арқылы кіріп, 6 миллион теңге көлемінде ақша ұрлағаны анықталды.

Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, полицейлердің кәсібилігінің арқасында бір тәулік ішінде ізін суытпай Түркістан облысында қонақүйде жасырынған жерінен 34 жастағы күдікті құрықталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұрланған ақша жәбірленушіге қайтарылды.

Реклама
Реклама

Күдіктіге қатысты сот санкциясымен екі ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама