ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қаңтар 2022 | 17:00
Қызылорда облысындағы тәртіпсіздіктер кезінде қанша адам қаза болғаны айтылды
Қызылорда облысында тәртіпсіздіктер басталғалы 21 адам қайтыс болды. Бұл туралы өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылорда облысында тәртіпсіздіктер басталғалы 21 адам қайтыс болды. Бұл туралы өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Осы уақытта 204 адам медициналық көмекке жүгінді, олардың ішінде 48 адам стационарлық ем қабылдап жатыр, 13 адам жансақтауда, олардың жетеуі әскери қызметкер. Бір әскери қаза тапты. Қаза болғандар саны - 21", - деді Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіндегілер.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы тәртіпсіздіктер барысында бейбіт тұрғындар арасынан қайтыс болғандар саны нақтыланып жатқанын айтқан болатын.
"Күштік құрылымдардың 16 қызметкері қайтыс болды, 1300 адам жараланды. Бейбіт тұрғындар арасында да қайтыс болғандар бар. Нақты саны анықталып жатыр", - деді Президент ҰҚШҰ отырысында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также