ПОДЕЛИТЬСЯ
07 желтоқсан 2023 | 15:14
Қызылорда облысының әкімі даулы видеоға қатысты пікір білдірді
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пәтер кілттерін табыстау кезінде түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пәтер кілттерін табыстау кезінде түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев түсірілген видео жарияланып, түсініспеушілік тудырған болатын. Кадрларда облыс басшысы тұрғындарға кілт табыс ету рәсіміне қатысып жатқаны көріненді. Сахнаға кезекті пәтер иесі шыққанда Нұрлыбек Нәлібаев кілтті басқа біреудің тапсыруын нұсқайды. Осыдан кейін әкімнің өзі кілтті табыстап, асығыс шетке тұрады.
Астанада ОҚК-да өткен брифингте журналистер Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтан оқиғаға қатысты пікір беруді сұрады. Сұраққа жауап берген аймақ басшысы мұндай келеңсіз оқиға болмағанын, резонанс тудырған видео монтаждалғанын айтты.
"Баспасөз қызметімнің мәліметінше, бұл монтаж болған. Видео жылдамдығын арттырып, өзгертіп жіберген. Олар (бейне авторлары – еск.) кешірім сұрап, мойындап, бұл туралы пост жариялады. Оны өздеріңіз көре аласыздар. Мен олардың кім екенін білмеймін. Бұл оқиғаның қалай өткені туралы видео түпнұсқасы парақшамызда тұр, оны көре аласыздар. Жаңа ғимаратты ашсақ, өзіміз жүгіріп, лентасын қиюға асықпаймыз. Бұл құқықты облыс ақсақалдарына береміз.
Видеоның толық нұсқасын қарасаңыз, түсінесіз. Онда бір қыз шықты, мен үлкендерге (ақсақалдарға) жақындауға нұсқадым, бірақ ол түсінбеді", - деп түсіндірді Нұрлыбек Нәлібаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также