24 маусым 2022 | 09:46

Қызылорда облысының әкімі таққан сағат маркасы қандай? Баспасөз қызметі жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қол сағаты қандай брендтен екені айтылды. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қол сағаты қандай брендтен екені айтылды. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сағат бренді - Rolex Datejust. Еске салайық, Нұрлыбек Нәлібаев мемлекеттік қызметке тағайындалғанға дейін кәсіпкер болған. Бұл сағат бұрын сатып алынған. Қазір облыс әкімі мұндай қымбат сағаттар тақпайды. Қазір облыс әкімінің күнделікті тағатын екі жұп сағаты бар", - деді өңір басшысының баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісі сауалына берген жауабында.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі желіде талқыға түскен сурет 2016 жылы түсірілгенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Сайттағы суретке фотошоп-бағдарламалары арқылы ешқандай өзгерту және өңдеу жасалмаған", - делінген хабарламада.

Бұл ретте "Азаматтарға арналған үкімет" мәліметінше, электрон үкімет сайтындағы әкім Нәлібаевтың суретті Қызылорда облысы әкімдігінің өтінішімен өзгертілген.

"Ашық үкімет" сайтындағы кез келген өзгертулер мемлекеттік мекеменің өзінен ресми сұраныстарға сәйкес жүргізіледі. Бұл жағдайда сурет пен өмірбаянды жүктеу туралы ресми хат түсті", - делінген мемкорпорация таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Желіде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Мәжіліс ғимаратынан асығыс шығып кеткені түсірілген видео тараған еді. Журналистер оған бірнеше сұрақ қоймақ болғанымен, әкім тоқтамаған. Кейінірек әкім журналистерге сағатының бағасы жайлы түсініктеме берген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная