Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен ҚазақстанРеспубликасының Конституция күні мен Білім күніне орайШиелі ауданында 200 орындық "Оқушылар үйі" мен 50 орындық "Өнер мектебі" ашылды. Салтанатты басқосуғаПарламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары НаурызбайБайқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, МұратЕргешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров пен зиялықауым өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы аудан тұрғындарын құттықтап, атқарылғанжұмыстарға тоқталды.
"Биыл ел тәуелсіздігінің берік тұғыры, зайырлыегемендігіміздің негізі саналатын ҚазақстанРеспубликасының Конституциясына 30 жыл толды. Өңірімізде. Президентіміздің тапсырмасын орындауға, жастарға сапалыбілім, саналы тәрбие беруге бағытталған жүйелі жұмысатқарылуда.
Бүгін Өздеріңізбен жаңа оқу жылы қарсаңында шежіреліШиеліде 200 орындық "Оқушылар үйі" мен 50 орындық"Өнер мектебінің" ашылуында бас қостық.
Жалпы құны 1 млрд. 68 млн. теңге болатын жаңа"Оқушылар үйінде" 28, "Өнер мектебінде" 8 үйірме жасұрпақтың жан-жақты азамат болып қалыптасуына қызмететпек.
Білім мен өнердің ордасына айналатын жаңа ғимараттанҚазақстанның Еңбек Ері Асқар Жұмаділдаев, шежіреліқаламгер Өркен Исмаил, айтыскер ақын, "Алтын домбыра" иегері Мейірбек Сұлтанхан сынды Сыр өңірінің мерейінасқақтатып, атын танытатын дарындылар шығады депсенеміз Баршаңызды жаңа нысанның ашылуымен тағы да құттықтаймын!", - деді Н.Нәлібаев.
Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуыжолында елеулі еңбек еткен азаматтар мен жаңа нысандысапалы әрі мерзімінде салған мердігер мекемеқызметкерлеріне Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов ізгі тілектерін жеткізіп, білім саласының ардагері, Шиелі ауданының құрметтіазаматы Кенжетай Палмағанбетов бата берді.
Ауданға жұмыс сапары кезінде аймақ басшысы күрделіжөндеуден өткен №219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің жұмысымен танысты. "СК и Монтаж-строй" ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын мамыр айында бастап, тамыз айында аяқтатады. Мұнда 200-ге жуық мұғалімқызмет етіп, 1 мыңнан астам оқушы білім алады.
Еске салайық, аймағымыздың білім беру саласына соңғы үшжылда 812 млрд. 245 млн. теңге, биыл 346 млрд. 800 млн. теңге қаралды. Қаржыландырудың барлық көзінен өткенжылы 31 млрд. 800 млн. теңгеге 13 білім беру ұйымыжаңадан ашылды.
Қосымша білім беру жүйесін дамыту мақсатында үш жылда4 "Оқушылар үйі" мен 2 "Өнер мектебі" салынып, зияткержас ұрпақтың игілігіне қызмет етіп келеді.