23 ақпан 2021 14:26

Қызылорда облысының тұрғыны сүңгуірдің жұмысына халықтан ақша сұрады - ТЖД оқиғаға жауап берді

© Қызылорда облысы ТЖД

Қызылорда облысында белгісіз біреулер сүңгуірдің қызметін төлеу үшін халықтан көмек сұраған. Облыстық ТЖД оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында белгісіз біреулер сүңгуірдің қызметін төлеу үшін халықтан көмек сұраған. Облыстық ТЖД оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мессенджерлерде тараған хабарландыруда Ерхан мен Нұралидің ата-анасына сүңгуірлердің жұмысын төлеу үшін көмек қажет екені жазылған. 

"Бір сағаты 25 мың теңге. Ал сүңгуірлердің жұмыс істеп жатқанына 2 тәулік болды. Сома үлкен", - делінген хабарландыруда.

Реклама
Реклама

Қызылорда облысы ТЖД өкілдері ақпаратты жоққа шығарды.

​"Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті жүргізетін барлық іздеу-құтқару шараларына қаражат мемлекеттен қаралған. Сондықтан да төменде көрсетілген алаяқтардың жалған ақпараттарына сенбеуіңізді, сонымен бірге тексерілмеген ақпараттарға алданбауыңызды сұраймыз", - делінген ТЖД хабарламасында.

​ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес алаяқтық жасағандарға қылмыстық жауап көзделгені атап өтілді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram